$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда жүргізуші көлігімен бірге тірідей жанып кетті

Жүргізуші дене жарақатынан оқиға орынында қайтыс болды.
Фото: Қарағанды ​​облысының полиция департаменті
Фото: Қарағанды ​​облысының полиция департаменті

Қарағандыда жол апаты салдарынан жеңіл көлік отқа оранып, жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға 28 маусым күні сағат 18.00 шамасында болған.

Қарағанды қаласының Федоров су қоймасына барар жолда 41 жастағы «Мерседес Бенс» автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғылған.

Алдын ала болжам бойынша ол рульге ие бола алмай қалған. Содан кейін автокөлік өртеніп кетті.

«Жүргізуші дене жарақатынан оқиға орынында қайтыс болды. Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары