$ 441.66  475.14  4.86

Шығыс Қазақстан облысында тауда аттан құлап, ес-түссіз қалған қыз құтқарылды

Әуе кемесімен келген медициналық мекеменің мамандары турист қыздың оң иығының төменгі үштен бір бөлігінің жабық сынғанын анықтады.
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында тауда зардап шеккен қызды құтқаруға тікұшақ барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 22 шілдеде құтқару бөлімшелерінің көмегімен Қатонқарағай аудандық дәрігерлері ШҚО әкімдігінің әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен Белуха тауындағы Сәрсембай учаскесіндегі оқиға орнына жедел ұшып барды. 

1996 жылы туған қыз тауға шығып бара жатқан кезде аттан құлап, жарақат алып, ес-түссіз болған.

Әуе кемесімен келген медициналық мекеменің мамандары турист қыздың оң иығының төменгі үштен бір бөлігінің жабық сынғанын анықтады. Қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны тікұшақпен Қатонқарағай ауданаралық ауруханасына жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары