Оралда екі жасар сәби дәретхана шұңқырына құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бала өз үйінің ауласындағы дәретханаға құлап кеткен.
Оқиға 21 шілдеде сағат 20:00 шамасында Деркөл ауылында болды. Абылайхан көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласындағы көше дәретханасынан 2021 жылғы қыздың мәйіті табылды, - дейді ведомство.
Полицияның айтуынша, ол үйінің ауласында ойнап жүрген.
Қыздың дәретханаға құлап кеткенін көрген балалар дереу ата-анасына айтқан. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен, қыз бала жан тәсілім еткен. Ол ата-анасының қарауынсыз қалған, - дейді полиция.
Бұл факт полицияда жазатайым оқиға ретінде тіркелді.