$ 494.87  520.65  4.91

Оралда 64 жастағы ер адам 6-қабаттан секіріп кетті

Ол гипертония диагнозымен есепте тұрған.
Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Орал қаласында 64 жастағы ер адам 6-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 25 шілде күні 4-шағынауданда болған.

Сағат 22.20-да 3-үйдің кіреберісінен 1959 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Марқұм 6-қабаттан секіріп, өз өмірін қиған. Ол гипертония диагнозымен есепте тұрған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді, – деп хабарлады ведомстводан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары