Қызылордада ер адам өзін өзі жағып жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ер адамның мұндай қадамға баруына сүйген қызының қарамай қоюы себеп болыпты.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, - деп мәлім етті полиция.
Ер адам ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.