04.08.2023, 17:40

Жамбыл фосфор зауытында жарылыс болды

Фото: t.me/kozachkow
Салдарынан жұмысшылар зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Жамбыл облысындағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында (НДФЗ) жарылыс болып, салдарынан екі жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметінше, «НДФЗ» ЖШС фосфор зауыты қоймасының аумағында контейнерлік цистернадан сары фосфор алынған.

Салдарынан 1991 жылы туған екі азамат Орманов Д.Ж. және 1997 жылы туған Қалдыбай Ш.Е. зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Күйік ауруының шок кезеңі - 2-3. Фосформен термохимиялық күйік - 22 пайыз.