$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысының тұрғыны құмар ойынға құнығып, өз ауылының малын ұрлаған

Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Жамбыл облысында ауылдастарының 19 бас жылқысын ұрлаған күдікті ұсталды. Қаракемер ауылының 36 жастағы тұрғыны бұл әрекетке құмар ойынға құныққаннан барған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ол әуеліде жайылымда жүрген алты бас ірі қараны қолды қылған. Араға 10 күн салып тағы 13 жылқы ұрлаған. Арасында бәйге, көкпарға қосып жүрген құны 2,5 миллион теңгеге бағаланатын аттар да болған.

Ер адам түнделетіп Меркі ауданындағы базарға бара жатқан жерінен ұсталды. Ол кінәсін толық мойындап, ауылдастарының 10 миллион 400 мың теңгесін өндіріп берген.

Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары