$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада әйел аурухананың балконынан құлап кетіп, көз жұмды

Қызылорданың полиция департаменті әйелдің өлімін растады.
Фото: © Sputnik/Ляля Лилова
Фото: © Sputnik/Ляля Лилова

Қызылордада ауруханалардың бірінде төртінші қабаттың балконынан пациент құлап қайтыс болды. Көз жұмған әйел - 61 жаста, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Егде жастағы әйел облыс орталығындағы медициналық мекемеде ем қабылдап жатқан. 6 тамыз күні ол белгісіз жағдайда балконнан құлап кеткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлім етті.

Қызылорданың полиция департаменті әйелдің өлімін растады.

Аталған факті полицияда тіркелді, Қылмыстық кодекстің 105 бабы, 1-тармағы бойынша "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары