Ақмола облысында танысын пышақтаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Polisia.kz порталының мәліметінше, 15 тамызда Қосшы қаласының полиция бөліміне жедел медициналық жәрдем стансасының диспетчерінен қалалық ауруханаға «Сол жақтағы бел аймағының жұмсақ тіндеріне енбейтін тесілген-кесілген жара» диагнозымен ер адамның жеткізілгені туралы хабар түскен.
Ауруханаға түскенге дейін жәбірленуші таныстарымен бірге ішімдік ішкені анықталды.
Олардың бірімен жанжалдасып, салдарынан танысы жәбірленушіге пышақ жарақатын салған.
Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері жәбірленушіге зиян келтірген адамды ұстады.