Қостанайда жол апатынан 3 айлық нәресте көз жұмды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
17 тамыз күні сағат 00:05 шамасында Алтынсарин және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында 22 жастағы жүргізуші ВАЗ 21099 автокөлігін тізгіндей отырып, Алтынсарин көшесімен келе жатып, солға бұрылған кезде 24 жастағы жүргізушінің басқаруымен қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігіне жол бермеген.
Нәтижесінде Toyota 31 жастағы жүргізуші тізгіндеген Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан.
Жол апатынан Toyota-ның жүргізушісі мен ауруханаға жеткізілген жолаушы зардап шекті. Сондай-ақ көлікте 3 айлық нәресте болған. Ол алған жарақаттың ауырлығына байланысты қайтыс болды.
Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.