Ақтөбе облысында өлімге әкеліп соқтырған жол апаты болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Polisia.kz мәліметінше, 23 тамыз күні сағат 08:45 шамасында Самара-Шымкент автожолында Алға ауданының Сарытоғай ауылына жақын жерде Volvo жүк көлігі мен ВАЗ 2110 автокөлігі соқтығысқан.
44 жастағы жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.