$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында жеңіл көлік елікке соғылып, бір адам қаза тапты

Көлікте 2 жасар қыз бала болған, ол зардап шеккен жоқ.
Фото: ПД баспасөз қызметі
Фото: ПД баспасөз қызметі

Ақмола облысының Шортанды ауданында елікке соғылған жеңіл көлік аударылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты тамыздың 23-де сағат 22:00 шамасында "Пригородное-Жолымбет" автожолының 37 шақырымында болған. Анықталғандай, Шортанды кентінен Бектау ауылына бағыт алған 29 жастағы тұрғынның басқаруындағы "Lada Priora" көлігі жолдың үстіне шауып шыққан елікпен соқтығысқан.

Салдарынан көлік аударылып, 27 жастағы жолаушы (көлік жүргізушісінің әйелі) алған дене жарақтынан көз жұмды. Сонымен бірге, көлікте 2 жасар қыз бала болған, ол зардап шеккен жоқ.

Қазіргі кезде, осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, сараптама тағайындалды, - деді ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары