26.08.2023, 22:30

Павлодар облысында әйел екі баласымен өзенге батып кетті

Фото: Pixabay
Олар автокөлікпен суға аударылып, өздігінен шыға алмай қалған.

Павлодар облысында анасы мен екі баласы суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Павлодар облысының Павлодарское ауылында құтқарушылар Ертіс өзенінен 1980 жылы туған ана мен алты және тоғыз жастағы екі баланың мәйітін шығарды.

Павлодар облысы ТЖД мәліметінше, 25 тамызда жеңіл көліктегі әйел екі баласымен бірге өзенге түсіп, өз бетінше шыға алмаған.

Оқиға орнында бес адам және екі техника жұмыс істеді.