28.08.2023, 17:20

Қарағандыда балалардың жаппай улануы: тағы бір бала қайтыс болды

Фото: pixabay
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған тағы бір бала көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Дәрігерлер қанша тырысқанымен, бір науқасты аман алып қалу мүмкін болмады. Көпсалалы қалалық балалар ауруханасында жатқан 2012 жылы туған бала 28 тамызда қайтыс болды. Баланың жағдайы бастапқыда өте ауыр болды. Терапияның тактикасы үнемі республикалық мамандармен талқыланды. Өлім себебі - жүрек жеткіліксіздігі, - делінген Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Тағы бес бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы тұрақты ауыр.