Өскеменде көше ортасында көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға қаладағы Шәкәрім даңғылында болған. «Лада Приора» автокөлігінің уақытша тұрағы кезінде багаж бөлімінің, салонның, доңғалақтардың артқы шиналарының, аспаптар панелінің, сондай-ақ қозғалтқыш бөлігінің жартылай жанатын бөлшектерінің қаптамасы жанып кетті. Өрт сөндірушілер 3 шаршы метр аумақта өртті сөндірді.
Өрттің алдын ала себебі - қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз пайдалану. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
ШҚО ТЖД автокөлік иелерінен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.