$ 478.93  534.96  5.16

Оралда тұрғын үй өртенді: қаза тапқандар бар (ВИДЕО)

Оған қоса 27 адам эвакуацияланды.
Фото: batysqaz_tjd
Фото: batysqaz_tjd

Орал қаласында 9 қабатты тұрғын үй өртеніп, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, оқиға 31 тамыз күні Астана уақытымен сағат 05.19-да Х.Есенжанов көшесі 1/1-мекенжайында болды.

Өрт сегізінші қабаттағы қосалқы үй-жайдан басталған. Өрт сөндірушілердің күшімен 18 адам құтқарылды. Оған қоса 27 адам эвакуацияланды. Пәтерлердің бірінен улану белгілерімен 1973 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. 1979 жылғы әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. «Тілсіз жау» сағат 06.09-да оқшауланып, 06.34-те толықтай ауыздықталды. Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары, келген шығын анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #Орал #БҚО