07.09.2023, 14:20

Ұлытау облысында «Өркен» кенішінде жұмысшы қаза тапты

Фото: pixabay
Қаза тапқан қызметкердің отбасына барлық қажетті қолдау ұжымдық келісімшартқа сәйкес көрсетілетін болады.

Ұлытау облысындағы «Өркен» ЖШС кенішінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"6 қыркүйекте" Өркен" ЖШС кенішінде жазатайым оқиға болып, салдарынан 1984 жылы туған ұңғымашы қаза тапты.Осы фактіні тергеу үшін арнайы комиссия құрылды", - делінген "Өркен" ЖШС баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кәсіпорын басшылығы марқұмның жақындарына көңіл айтты.

Қаза тапқан қызметкердің отбасына барлық қажетті қолдау ұжымдық келісімшартқа сәйкес көрсетілетін болады, - деп жазды компания өкілдері.