$ 444.14  477.05  4.85

Шымкентте ер адам битум құйылған бөшкеге батып, қаза тапты

Құтқарушылар тыныс қорғау аппаратын қолданып, ер азаматтың мәйітін шығарып алды.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Шымкентте ер адам битум құйылған бөшкеге батып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Клара Цеткин көшесі бойында орналасқан «ОЛАКС» ЖШС-нің аумағында болды. 

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, алпинистік арқандар мен тыныс қорғау аппаратын қолданып, ер азаматтың мәйітін шығарып алды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары