Шымкентте ер адам битум құйылған бөшкеге батып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға Клара Цеткин көшесі бойында орналасқан «ОЛАКС» ЖШС-нің аумағында болды.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, алпинистік арқандар мен тыныс қорғау аппаратын қолданып, ер азаматтың мәйітін шығарып алды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.