Рудный қаласындағы аулалардың бірінде ер адам достарымен футбол алаңында ойнап жүрген 13 жасар балаға шабуыл жасаған. Бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бір күн бұрын Рудный қаласының мас тұрғыны жергілікті балалармен доп ойнамақшы болды, бірақ жасөспірімдер футбол алаңынан шығып кетпекші болған кезде кенет олардың біріне шабуыл жасаған.
Ер адам баланы алдымен қолымен, сосын тізесімен баланың жақ тұсынан ұрған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарланды.
Рудный полиция бөлімі күдікті ер адамның ұсталғанын хабарлады. Бастапқыда ол сауықтыру орталығына орналастырылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бұзақылық әрекет жасаған адам анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деді Рудный қалалық ЖПҚ тергеу бөлімінің басқарма басшысы Жасұлан Бисембаев.
Күдікті екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дереккөз: Astana TV