29.09.2023, 12:20

Астанада көлік адамдар тұрған аялдамаға соғылған (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот
Қазір оқиғаның анық-қанығы зерделеніп жатыр.

Бүгін таңертең елордада Mazda көлігі аялдамаға соғылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Астана қалалық Полиция департаменті көлік апаты туралы мәлімет берді.

29 қыркүйекте сағат 08.31-де Mеrcedes-Benz автокөлігі А.Байтұрсынұлы көшесімен Т.Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, жолақ ауыстырар кезде өз бетімен кетіп бара жатқан Mazda көлігіне апат жағдайын туындатқан. Салдарынан «Mazda» көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, аялдамаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шегушілер медициналық мекемеге жеткізілді, - делінген департамент хабарламасында.

Қазір оқиғаның анық-қанығы зерделеніп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.