$ 442.05  474.14  4.74

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам жасөспірім қызын зорлаған

Оқиға туралы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов мәлім етті.
Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданында әкесі мас күйінде туған қызын зорлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға туралы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов мәлім етті.

М. Жұмабаев ауданында бір дерек орын алды. Өзбекстан азаматы мас күйінде кәмелетке толмаған қызына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды.

Облыста барлығы 43 педофил тіркелсе, оның 34-і түрмеде отыр. Қалғандары қатаң бақылауда. Олар бостандыққа шыққаннан кейін бірден бақылауға алынып, апта сайын мекенжайлары тексеріліп, жүріс-тұрысы, жұмысқа орналасуы қадағаланады, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары