Екібастұзда екі ер адам ыстан уланып, қаза болды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Төртүй ауылының жекеменшік үйде 64 және 37 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Өлімнің алдын ала себебі – көміртегі тотығымен улану.
Оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды.