$ 444.14  477.05  4.85

«Енесі келінінің шашын жұлған»: Шымкент полициясы видеоға қатысты пікір білдірді

Алайда көп ұзамай қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде «келінін күштеп тәртіпке салған ененің» видеосы кең тараған болатын. Видео Telegram арналардың бірінде пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Otyrar.kz сайтының жазуынша, видео сипаттамасында автор аталған оқиға Шымкентте болуы мүмкін деп болжайды. Алайда көп ұзамай қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Аталған факті бойынша Шымкент қалалық ПД қызметкерлері тексеру жүргізгенін хабарлаймыз. Нәтижесінде видеода көрсетілген жағдай Шымкент қаласының аумағында орын алмағаны анықталды. Осыған байланысты тексерілмеген және жаңсақ ақпаратты таратпауларыңызды сұраймыз, - деп мәлімдеді
Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары