$ 498.34  519.72  4.85

Оралда үш жасар бала балабақшада сорпаға күйіп қалды

Жазатайым оқиға бойынша іс қозғалды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Оралда Балбөбек балабақшасында 3 жасар бала ыстық сорпаға күйіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазір істің мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Бала сол бойда ауруханаға түскен. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазды qazaqstan.tv.

Басы, кеуде тұсы, аяқ-қолы жалпы денесінің 25 пайызын күйік шалған. Жазатайым оқиға бойынша іс қозғалды.

Келген кезде жағдайы өте ауыр болды. Беті, алдыңғы кеуде қабырғасы, екі аяқ басы, екі саны, шатарал аймағы ІІ-ІІІ дәрежелі күйікпен келіп түсті. Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауырлықта. Керек ем-жарақтары, шоковый жағдайдан шығу сатыларынан емін алып жатыр, - дейді Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы травматология бөлімінің басшысы Болат Әлібаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары