Елордада медицина факультетінің студентіне қатысты сот отырысы өтті. Ол егде жастағы науқастар мен ауыр диагноз қойылған балаларды қорлаған. Хосписте жұмыс істеп, науқастарды ұрып-соғып, олардың нәжісін жеп жатқанын видеоға түсірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Еуразия бірінші арнасының мәліметінше, студент жұмыстан шығарылған соң балаларды оңалту орталығында ерекше қажеттілігі бар науқастарды азаптауды жалғастырған.
Сотта медицина факультетінің студенті өз кінәсін мойындады.
Сіздердің беттеріңізге қарауға ұятым жібермейді. Өз кінәмді толығымен мойындаймын. Қатты өкінемін, – деді сотталушы.
Жәбір көрген науқастардың туыстары студенттің бұл әрекетін түсінбей әлек.
Толып қалған жөргектерін жегізген. Боксшылардың қабымен мазақ қылып ұрған. Науқастарға ойына келгенін көрсетіп, мазақ еткен. Бірақ, неге екені белгісіз, оның бұл әрекетін ешкім көрмеген, – деді науқастың анасы.
Алдағы уақытта студент “азаптау” бабы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.