$ 441.58  480  4.86

Ақсуда танысын өлтірген әйел сотталды

Сотталушы жәбірленушінің кеуде тұсына пышақ жарақатын салған.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Ол қылмысқа мас күйінде барғанын мойындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

@Pavlodarnews.kz жазуынша, Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 28 мамыр күні Ақсу қаласында орын алған.

Ішімдік ішіп, мас болған екеудің арасында жанжал орын алады. Сотталушы жәбірленушінің кеуде тұсына пышақ жарақатын салған. Салдарынан ол сол жерде қайтыс болды, - делінген хабарламада.

11 қазанда Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіру, яғни басқа адамды қасақана қазаға ұшырату (ҚР ҚК 99-б. 1-б.) фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. 

Прокурор соттан айыпталушыға 12 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады. Жәбірленуші мемлекеттік айыптаушымен толық келісіп, өз кінәсін ішінара мойындап, жәбірленушіні өлтіру ниеті болмағанын айтып, әрекетін ҚК-тің онша ауыр емес бабына қайта саралап, қатаң жаза қолданбауды сұрады.

Сотталушының кінәсі өзінің, куәлардың айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

Тікелей өлтіру ниеті өмірлік маңызды мүшеге пышақпен қасақана күш қолдану арқылы дәлелденеді. Қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Ол үшін заң бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Сот кінәсін ішінара мойындауды, сондай-ақ өтелмеген соттылығының болуын және масаң күйде қылмыс жасағанын ескере отырып, оны 12 жылға бас бостандығынан айырды, - делінген баспасөз хабарламада.

Сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару  мекемесінде өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақсу