$ 495.2  522.34  4.94

Астанада жұмысшылар биіктіктен құлады: тағы бір адам көз жұмды

Тағы екі зардап шегуші – 1999 және 2002 жылдары туған екі жас жігіт жансақтау бөлімінде жатыр.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Астанада құрылыс алаңында биіктен құлап кеткен альпинистердің тағы біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өзге зардап шегушілердің денсаулығына қатысты пікір білдірді деп жазды Azattyq Ruhy.

Оқи отырыңыз: Астанада құрылыс алаңында 4 жұмысшы биіктіктен құлап, біреуі қаза тапты

12 қазанда №2 қалалық көпсалалы ауруханаға құрылыс алаңынан биіктен құлап кеткен 3 зардап шегуші түсті. Үшеуіне де көптеген жұмсақ тін жарақаты, қабырғасының, жамбас сүйектерінің, мойын сүйектерінің жабық сынуы, ішкі ағзаларының жарылуы, шок және жоғары дәрежелі травматикалық жағдай диагноздары қойылды, - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Зардап шеккендер жансақтау бөлімдеріне жатқызылып, алған жарақаттары бойынша хирургиялық және қарқынды ем жүргізілді.

Көптеген ауыр жарақаттың салдарынан 12 қазанда сағат 17:40-та зардап шегуші – 1999 жылы туған азамат қайтыс болды. Бүгінде тағы екі зардап шегуші – 1999 және 2002 жылдары туған екі жас жігіт жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр, - деді олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары