$ 443.37  474.49  4.83

«Ирина Кайратовна» тобының мобилографы сахнада кенеттен көз жұмды (ВИДЕО)

Топ мүшелері көрермендер билеттердің ақшасын қайтара алатынын жеткізді.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Топтың концерті басталғанға дейін ди-джей көрермендерге өз өнерін көрсеткен. Оның бейнежазбадағы өнерін мобилограф түсірген. Бір кезде жас жігіт құлап, қайтыс болды. Концерт тоқтатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ирина Кайратовна» тобының қатысушылары сахнаға шығып, өз жанкүйерлеріне суық хабарды жеткізді.

Бізге бұл туралы айту өте қиын. Біздің мобилографтың сахнада тұрып құлағанын көрдіңіздер, ол қайтыс болды. Сондықтан, өкінішке қарай, біз бүгін концертті жалғастыра алмаймыз. Сіздерге келгендеріңіз үшін, бізді қолдағаныңыз үшін көп рахмет, біз сіздерді жақсы көреміз, - деді "ИК" тобының мүшесі.

Топ мүшелері көрермендер билеттердің ақшасын қайтара алатынын жеткізді. Ал ақшаны қайтарғысы келмейтіндер үшін топ концерттің басқа күнін белгілейді.

Біз мұнда билей алмаймыз. Бұл сахнаға шыққанға дейін бір минут бұрын болды, біз бәрін дайындадық, тіпті роликті де. Бұл осындай форсмажор. Бізге де оңай емес, - деді әншілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары