$ 442.05  474.14  4.74

Самара-Шымкент тас жолындағы апаттан екі адам қаза тапты

Hyundai көлігі MAN жүк көлігіне соқтығысқан.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

16 қазанда Ақтөбе облысындағы тас жолда жол апаты болды. Салдарынан екі адам қазақ тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің дерегінше, Самара – Шымкент тас жолында Toyota және Hyundai көліктері соқтығысып қалған. Артынша Hyundai көлігі MAN жүк көлігіне соқтығысқан. 

Жол апаты салдарынан Hyundai жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, жүк көлігі жүргізушісінің аяғы сынып, ауруханаға жеткізілді, – делінген ПД хабарламасында. 

Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексiнің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары