$ 494.87  520.65  4.91

Түркияда халқы ереуілге шығып, Израиль елшілігіне қарсы талап қойды

Қара ту Иранның Хорасан қаласындағы Разави қабірінің үстінде бой көтерді. Бұл ту соғысқа немесе кек алуға шақыруды меңзейді.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Түркия тұрғындары өз еліндегі Израиль елшілігіне қарсы ереуілге шықты. Митинг Газа секторындағы ауруханаға жасалған шабуылдан кейін басталған.Түркия тұрғындары Израиль елшілігін елден шығаруды талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ньюсач Telegram-арнасының жазуынша, наразы халық консулдыққа басып кірген. Сондықтан  консулдыққа түрік полициясының арнайы мақсаттағы топтары жіберілген. Бұған дейін наразылық білдірушілер Израиль консулдығына кіруге тырысып, ғимаратқа қарай отшашумен атқылаған. 

Маңызды жайт, бұған дейін Малатия қаласындағы ереуілшілер америкалық Кюречик әскери базасына шабуыл жасаған. Радиолокациялық станция тұрған жерге адамдар әскерилер мен полицияға тас лақтырған. Бұған жауап ретінде қауіпсіздік қызметкерлері көзден жас ағызатын газ қолданған. 

Ливан мен Бейрутта алып автоколонна АҚШ елшілігіне қарай жылжи бастаған. Олар елшілікті өртеуге тырысып әлек. Франция елшілігінің қабырғасында Палестина мен ХАМАС тулары көтерілді.

Қара ту Иранның Хорасан қаласындағы Разави қабірінің үстінде бой көтерді. Бұл ту соғысқа немесе кек алуға шақыруды меңзейді. 

Еске салсақ, бұған дейін Газа секторында ауруханаға әуе шабуылы жасалып, 500-дей адамның өмірін қиғаны айтылды. Израиль бұған жауапкершілік алып, мойындаған жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары