$ 443.35  475.54  4.82

Қарағандыда ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Олар жәбірленушілерден 850 мың теңгеге тауарлық несие алдырып, кейін несиеге алынған телефонды өздері тартып алған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қарағандылық полицейлер ақша бопсалаған қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қарағанды облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне белгісіз тұлғалар жастары 18 бен 20 аралығындағы үш азаматтан ақша мен мүлік бопсалады деген ақпарат түсті.  

Күдіктілер жәбірленушілерге күш қолдану арқылы 27 және 57 мың теңге шағын несие рәсімдетіп, сонымен қатар 850 мың теңгеге тауарлық несие алдырып, кейін несиеге алынған телефонды өздері тартып алған. Аталған дерек бойынша полицияда Қазақстан Республикасы ҚК-нің 194-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

 Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісі қызметкерлерінің бірлескен жұмыстарының нәтижесінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 18 бен 20 жас аралығындағы үш азамат ұсталды.

 Ұсталғандардан айғақ заттар тәркіленді. Сонымен қатар күдіктілердің бірінен тапанша алынды. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Адилов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары