18 қазанда БҚО-да қайғылы оқиға орын алды. Полицияның дерегінше, 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жергілікті «Мой город» порталының жазуынша, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы әйелдің қайтыс болғанын, дәрігерлер тек оның өлімін тіркегенін жеткізді.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Ауыл әкімдігі отбасының тыныш болғанын, ешбір адамы есепте тұрмағанын нақтылады.