Қарағанды облысында қатты дауыл салдарынан Тоғызқұдық ауылдық мектебінің спорт залының шатыры жұлынып кеткен. Бұдан бөлек, Үштөбе ауылында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры қирап қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Еkaraganda.kz басылымының дерегінше, қатты жел 23 қазанда соққан.
ТЖД мәліметінше, төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.
23 қазанда қатты жел соғып, екі ғимараттың шатыры ұшып кетті. Бұқар жырау ауданы Тоғызқұдық ауылындағы Ж Аймауытұлы атындағы мектептің екі қабатты спорт залының шатыры жұлынып кетті. Жел салдарынан Үштөбе ауылында бес қабатты тұрғын үйдің 100 шаршы метр аумақтағы шатыры қирап қалды, - деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД өкілдері.
Бұл ретте, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті аймақ тұрғындарына ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту алған соң қауіпсіздік шараларын сақтауды қатаң ескертеді!