25.11.2023, 22:30

Алматыда ер адам 14-қабаттан құлап, мерт болды

Фото: Pixabay

Полиция «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша тергеу амалдарын қолға алды.

Алматыда ер адам «Премьера» тұрғын үй кешенінің 14-қабаттағы балконынан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полиция бұл фактіні суицид ретінде тіркеп, ҚР ҚК-нің 105-бабы, «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша тергеу амалдарын қолға алды.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл фактіге сәйкес Наурызбай ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатқанын нақтылайды, - делінген хабарламада.