$ 441.44  473.09  4.75

Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен баланың денесі табылды

Құтқарушылар кәріз құдығынан 2015 жылы туған баланың денесін тапты.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

25 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де құтқарушылар кәріз құдығынан 2015 жылы туған баланың денесін тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен 5 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері және 1 техникасы, ішкі істер бөлімінің 8 қызметкері мен 3 техникасы, жедел жәрдем бригадасы, «Қызылорда қ. су жуйесі» жергілікті атқарушы орган қызметкерлері оқиға орнына барды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Қызылордада құтқарушылар кәріз құдық құдығына құлап кеткен 8 жасар баланы іздестірген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары