$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлда анасы мен өгей әкесі жеті жасар қызды ұрып-соққан

Істің  мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Петропавлда жеті жасар қызды анасы мен өгей әкесі теріс қылығы үшін соққыға жыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық полицияның мәліметінше, 23 қарашада Петропавлдағы орта мектептердің бірінен медицина қызметкері ПД-не қоңырау шалып, 2-сынып оқушысының соққыға жығылғанын айтқан.

Петропавл қалалық ІІБ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қыз бала облыстық ауруханаға жатқызылды, – делінген ПД хабарламасында.

Полицейлер кәмелетке толмаған баланың денесіне 26 жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі зақым келтіргенін анықтады. Олар өз кінәсін мойындап, бұл әрекеттерін «баланың теріс қылығы үшін ұрдық» деп түсіндірген.

Қазіргі кезде істің мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары