30.11.2023, 10:40

Жамбыл облысында 9 млн теңге бюджет ақшасын заңсыз жұмсаған бухгалтер сотталды

Фото: Фото: ИА «NewTimes.kz»

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Шу ауданында бухгалтер Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының қызметкерлеріне 3 жыл бойы қаражатты аванс түрінде заңсыз аударған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтап, 2023 жылғы 1 тамызда ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеді (ірі мөлшердегі кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу). Тергеу Жамбыл облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды. Мемлекетке келтірілген залал 9,9 млн теңгеден асты, ол тергеу барысында өтелді, – делінген облыс прокуратурасының хабарламасында.

2023 жылғы 9 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен Орталықтың бухгалтері 5 жылдық мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды (шартты түрде).

Үкім заңды күшіне енген жоқ.