$ 439.43  473.31  4.82

Астанада мас күйде көлікке отырған жасөспірім қыз жаяу жүргіншіні қағып өлтірді (ВИДЕО)

«Toyota Camry» көлігінің 20 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Астанада тұрғын үй ауласында мас күйде көлік жүргізген әйел жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, артынша тұрақта тұрған үш көлікті соққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол-көлік оқиғасының видеосы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. 

«Toyota Camry» көлігінің 20 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Бұл баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті қарастырады. Қажетті сараптамалар тағайындалды, - деп атап өтті полиция.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары