Үй газ-ауа қоспасының жарылысынан кейін қираған.
Қостанайда төтенше жағдай орын алып жеті адам үйінді астында қалып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, 11.12.2023 сағат 12:36 Қостанай қаласы, Амангелді тұрғын алабында, Энергетиков көшесі 1, аумақтағы үй газ-ауа қоспасының жарылысынан кейін қираған.
Салдарынан бір қабатты ғимарат толығымен опырылып, жетіге жуық адам үйінді астында қалды, – делінген атаулы департамент ұсынған ақпаратта.