Іздестіру жұмыстары барысында 12 адам құтқарылды.
Қостанай қаласында «Амангелді» тұрғын алабы Энергетиков, 1 мекенжайындағы құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 11 желтоқсанда сағат 12:36-да газ-ауа қоспасы жарылып, бір қабатты ғимарат опырылып түскен еді. Аумағы 280 ш.м. және жану ауданы 5 ш.м. Өрт сағат 13:52-де оқшауланды. Газ баллондарының жарылыстары адамға да, мүлікке де үлкен қауіп төндіреді және бұл жағдайда жарылыс ауыр зардаптарға әкелді.
Қызыл жалын сағат 13:52-де оқшауланды. Газ баллондарының жарылуы адамға да, оның мүлкіне де үлкен қауіп төндіреді. Кеше болған жарылыс соның дәлелі. Кешегі өрт сөндіру және іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдай қызметі және жергілікті атқарушы органдарының 263 қызметкері мен 61 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ «ДОС» и «қызыл жарты ай» «10 Регион» волонтерлік топтары тартылды, - деп хабарлады облыстық ТЖД департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, іздестіру жұмыстары барысында 12 адам құтқарылды. Үш адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Облыстық ауруханаға 4 адам жатқызылды. Қалалық ауруханаға 6 адам орналастырылды. 1 адам өз бетінше медициналық қызметке жүгінді, тағы біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартты. Барлық зардап шеккендерге медициналық қызмет толық көлемде көрсетілуде. Қазір Қостанай қаласы Полиция басқармасы ҚР ҚК 292-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша жарылыс салдарынан 7 жеңіл және 5 ауыр техника зақымдалды, сонымен қатар іргелес жатқан 12 жеке тұрғын үй бұзылған.
Осындай оқиғалар қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуде нормативтік-құқықтық базаны жақсартуға, техникалық стандарттарды жетілдіруге және жұмысшылардың біліктілігін жоғарылатуға стимул болуы тиіс.