$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда суықтан екі адам қайтыс болды

Көктайғақтан жол апаты жиі болып жатыр.

 

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Алматыда қатты суықтан екі адам көз жұмды. Таңға дейін 33 жол апаты тіркеліп, 4 адам жарақат алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Қардың қалыңдығы қала және таулы жерлерде қазір 13-15 см-ге жетті. Көктайғақтан жол апаты жиі болып жатыр.

Таңғы 6-ға дейін 33 жол оқиғасы тіркелді оның ішінде төртеуі жарақат алғандар болды. Әр қайсысымыз далаға шыққан кезде біз жол қозғалысына қатысушымыз, біреуі жүргізуші, біреуі жаяу жүргінші болып біреуі жаңағы қоғамдық көліктерге жүретін жолаушы ретінде, сол себептен әрқайсымызға қойылған нақты талап бар, – дейді қалалық полиция департаментінің өкілі Еркін Өтелгенов.

Қар тазалау жұмысына 818 техника мен 1300-ге жуық адам жұмылдырылды. Жаяу жүргінші жолдарды тазалап үлгірмей жатқандықтан жарақат алғандар көп. Арасында қол-аяғын сындырып алғандары да аз емес.

Хәлдері әр түрлі жеңіл ушиб дейміз ғой, содан бастап сыныққа дейін келіп жатыр. Ол сыныққа ота жасау да керек болып жатыр. Денесі суықтап, переохлождениемен де түсіп жатыр. Суық басталғалы бері тек біздің ауруханамызға 5 адам дене суығымен түсіпті. 21 науқастай сол көктайғақтан құлап, жарақат алып түсіп жатыр, – дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Бахтияр Амангелдіұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары