$ 494.87  520.65  4.91

Абай облысында өзенде ойнап жүрген бала мұз астына түсіп кетті

5 жасар екі бала ауылдың шетінде орналасқан Қарақол өзенінде толық қатпаған мұз үстінде ойнаған.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Абай облысында мұз астына түсіп кеткен 5 жасар баланы іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 22 желтоқсан 12:54-те Үржар полиция бөлімінің "102" арнасына учаскелік полиция инспекторының хабарламасы келіп түскен.

Таскескен ауылында балалардың бірі мұз астына түсіп кеткені хабарланды. 5 жасар екі бала ауылдың шетінде орналасқан Қарақол өзенінде толық қатпаған мұз үстінде ойнаған. Мұз жарылып, балалардың бірі мұздың астына түсіп кеткен.

Осы сәтте екінші бала ересектерге көмек сұрауға жүгіреді. Куәгерлер өздерінің учаскелік инспекторына қоңырау шалады. Ол дереу оқиға орнына барып, құтқарушыларды шақырады.

Баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Аймақтағы су қоймаларында мұздың қалыңдығы қазір 3 см-ге жетпейді, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары