$ 444.14  477.05  4.85

«Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты (ВИДЕО)

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Фото: © Sputnik / Владислав Воднев
Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Астанадағы «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығынан өрт шығып, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

23 желтоқсан күні Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері келіп түскен өрт туралы хабарламаға шықты.

Келген бойда 5 минутта өрт сөндірушілер артқы кіретін жақтан қою қара түтіннің шығып жатқанын анықтады, трансформаторлық қосалқы станцияның 10 ш метр және кабельді шахта 0-ші қабатта өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің таралу қаупі жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Оқиға орнында жою бойынша жеке құрамның 66 адамы және Астана қаласы ТЖД 14 техникасы өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары