$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда жолды жауып тастаған тұрғындар жауапқа тартылды

 Алайда мұндай акцияларды өткізу заңсыз.

 

 

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Алматыда көшені жауып тастаған «River Park» тұрғын үй кешенінің тұрғындары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Polisia.kz мәліметінше, биыл полиция қызметкерлері 16 мыңнан астам ұсақ бұзақылықты, 1700-ден астам бөтеннің мүлкін бүлдіру деректерін анықтады. Қоғамға деген құрметсіздікті білдіретін, бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдірумен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін 1,5 мыңға жуық адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соңғы уақытта қоғам назарын аудару мақсатында жолдарды жабу деректері кездеседі. Алайда мұндай акцияларды өткізу заңсыз.

Мәселен, кеше Алматыда «River Park» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жылуды қосу талаптарымен Мақатаев көшесін жауып тастады. Бұл әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу, жол жүрісіне кедергі келтіру, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау болып саналады.

Бұл жағдайды тұрғындар тиісті органдармен және қызмет көрсететін ұйымдармен заң шеңберінде, сондай-ақ митинг ұйымдастыру туралы Заңның талаптарын сақтай отырып, оны алдын ала жергілікті атқарушы органға хабарлау арқылы шешуі қажет болатын. Осылайша бұл азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, басқа азаматтарға қолайсыздық туғызды. Осыған байланысты төрт азаматқа қатысты полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Акцияның басқа тоғыз қатысушысы көлік құралдарының жүрісіне кедергі жасағаны үшін Кодекстің 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Естеріңізге сала кетейік, заңсыз наразылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары