25.12.2023, 11:00

Алматыда танымал боксшы жоғалып кетті

Фото: Караван

Киім: сұр қалпақ, капюшоны бар көк мамық күрте, ақ водолазка, қара джинсы.

Алматыда кеңестік кезеңнен танымал болған спортшы Серік Нұрқазов із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Боксшының жоғалып кеткені туралы «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының өкілдері мен Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Назар аударыңыз! Адамды іздестіру! Нұрқазов Серік, 10.04.1959 ж.т., туған күні. 14.12.2023 жылы Луганского көшесі мекенжайындағы үйден белгісіз бағытта шығып кеткен, бүгінгі күнге дейін оның қайда екені туралы ештеңе белгісіз.

Киім: сұр қалпақ, капюшоны бар көк мамық күрте, ақ водолазка, қара джинсы. Белгілері: шашы ағарған, сақал қояды. Диагноз бар. Жоғалған адам туралы мәлімет білетіндер +7 702 712 79 22 немесе @kogam_almaty нөміріне хабарласуын сұрайды, - деп жазады еріктілер тобы.