28.12.2023, 21:30

Түркияда жол апатынан 10 адам қаза тапты

Фото: TRT Haber

Оның ішінде 8 адам ауыр халде жатыр.

 

 

Түркияның солтүстік-батысындағы Сакарbя провинциясының маңында ірі жол апаты болып, он адам қаза тапты. Жарақат алғандар да бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін таңғы 04:36 кезінде (Астана уақыты бойынша 07:36) Текелер ауданындағы «Сакарья-Солтүстік Мармара» тасжолында 7 көлік ұшыраған апат салдарынан 10 адам оқиға орнында қаза тауып, 59-ы жарақат алды.

Оның ішінде 8 адам ауыр халде жатыр.

Қайтыс болғандардың көбі жолдың жүретін бөлігіне шығып кеткендіктен көз жұмды. Оларды басқа көліктер қағып кеткен.

Оқиға орнын аралаған аймақ губернаторы Я.Карадениз зардап шеккендер әртүрлі ауруханаларда емделіп жатқанын айтты. Оның екеуі Қожаелідегі емдеу мекемелеріне жіберілсе, қалғаны Сакария провинциясының орталығы мен аудандарына жеткізілген.

Алғашында жеңіл автокөлік жүк көлігіне соғылған деген болжам бар. Сосын оған басқа көлік құралдары кеп соқтығысты, – деді қала басшысы.

Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі А.Уралоғлы оқиға орнына жедел топтардың шұғыл жіберілгенін айтты.

Фото: TRT Haber

Магистральда барлық қажетті сақтық шаралары жасалған. Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа өз мәлімдемесінде зардап шеккендердің 30 жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілгенін атап өтті.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына үш автобус, жүк көлігі және тағы үш көлік қатысқан. Апатқа қалың тұман себеп болуы мүмкін.

Аймақтағы ауруханаларға әлі де адамдар әкелініп жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында басқа елден келген туристер, соның ішінде қазақстандықтар бар-жоғы әлі белгісіз.