$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлда бір отбасының үш мүшесі өлі күйінде табылды

Іс Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен Полиция департаментінің бақылауында.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 желтоқсан күні сағат 13.25-те зорлық-зомбылықтың белгілері бар 3 адамның денесінің табылғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Аталған факт ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Екі немесе одан көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығының 2 тұрғынын ізін суытпай, ұстады. Күдіктілер Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен Полиция департаментінің бақылауында.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары