$ 443.37  474.49  4.83

Алматыдағы мектепте ата-аналардың бірі шу шығарды (ВИДЕО)

Зардап шеккен оқушылардың ата-аналары кінәлі жазасыз қалуы мүмкін деп қауіптенеді.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Әлеуметтік желіде Алматыдағы мектептердің бірінде ата-ананың қатысуымен өткен жаңа жылдық кеште түсірілген видеоны көпшілік қызу талқылай жөнелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 27 желтоқсанда болған. Ата-аналардың бірі жоғары сынып оқушыларының кіші сынып оқушыларына ұйымдастырған жаңа жылдық кешін ұнатпаған. Сөйтіп, наразылығын балаларды балағаттау арқылы жеткізген.

Шырша бастауыш сынып оқушыларына арналған. Шараға бірінші сынып оқушыларының бірінің анасы қатысты. Мерекелік  бағдарламаны орта мектептің оқушылары тегін ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараны ата-аналардың бірі ұнатпады. Ол балаларды сынап, дөрекі сөйлей бастады. Ол оқушыларға айқайлап, балағаттады. Оқушылардың бірі күзетшіден оны мектептен шығарып жіберуді сұраған кезде, оқушыны «чушпан» деп атап жүгіріп шығып кеткен, - деп жазды мектеп оқушылары Instagram желісінде.

Алматы қалалық білім басқармасы мұндай оқиғаның қала мектептерінің бірінде болғанын растады.

Ведомствоның хабарлауынша, 1-4 сыныптар арасында жаңа жылдық шырша кеші кестеге сәйкес өткізілді. Мерекені мектеп әкімшілігінің жетекшілігімен жоғары сынып оқушылары ұйымдастырды.

Ата-аналарды мерекеге кіргізбеген. Алайда кейбір ата-аналар балаларының киімін ауыстыратынын айтып, сынып жетекшілерден ішке сұранып кірген. Сондай-ақ 1-сынып оқушысының анасы Б.Ш. баласының киімін ауыстырып, онымен бірге залға кірген.  Мереке біткен сәтте Б.Ш. оқушыларға жақындап, өзінің наразылығын білдіріп, айғайлап, балағаттаған. Мектеп әкімшілігі оқушыларды қорғауға тырысып, соңында полиция шақырылды, - деп хабарлады қалалық білім басқармасы.

Учаскелік инспектор ата-анаға қатысты әкімшілік шара қолдану туралы Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына хаттама жасап, ұжымдық арыз жазды.

Қазіргі таңда Медеу аудандық ішкі істер басқармасында Б.Ш.-ға қатысты әкімшілік іс қаралып жатыр. Зардап шеккен оқушылардың ата-аналары кінәлі жазасыз қалуы мүмкін деп қауіптенеді. Сол себепті видео әлеуметтік желіде жарияланды. Қазіргі уақытта оқушылар мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сынып жетекшілерімен, күзетшілермен, директор орынбасарларымен әңгіме жүргізілді, - деп түсіндірді Алматы қалалық білім басқармасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары