$ 443.44  480.51  4.88

Павлодар облысында жол апатынан төрт адам қаза болды

Жол-көлік апаты салдарынан 35-40 жастағы ер адамдар қайтыс болғаны анықталды. 

Фото: Константин Шелков
Фото: Константин Шелков

Павлодар облысында төрт адам жол апатына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол-көлік оқиғасы Тереңкөл ауылынан 25 шақырым жерде орын алған.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 желтоқсанда сағат 17:58-де екі көлік соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиғаорнына Байқоныс ауылының медициналық бригадасы шұғылдықтың бірінші санаты бойынша шыққан. Жедел жәрдем 11 минутта жетті.

Жол-көлік апаты салдарынан 35-40 жастағы ер адамдар қайтыс болғаны анықталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары